— Былтыр балам төртінші тоқсан сабаққа қатысқан жоқ. Ауруханада жатты. Ал соны кімнен көрем? Үйімнің салқындығынан көрмесем.
Ләззат Әбілтаева, Махамбет ауылдық аймағының тұрғыны:
— Мына әкімдердің жасап отырғандары. Бюджеттің ақшасы қайда кетіп жатыр, кім сапырып жатыр? Басшылар неге сөйтіп газсыз отырмайды. Қазір қарап тұрсаң келеді, кетеді, үйін салады. Жағдайын жасайды, шарбағына дейін асфальттайды, халықты ашындырып болды !
«Шаттық» және «Мерей» ықшамаудандарының тұрғындары қазір бастарында жаңа баспана бола тұра, пәтер жалдап жүр. Әрең салған үйлері жылудың жоқтығынан бірте-бірте бүлініп, жарамсыз күйге түскен. Жарық пен суды өз күштерімен тартқанымен, көгілдір отынға келгенде қалталары көтерер емес. Осы жағдайды пайдаланып қалмақ болған кей пысықайлар газды 500 мың теңгеге тартып береміз депті. Бірақ мұнда зейнеткерлер мен мұғалімдер ғана тұрады. Олар «мұндай ақшаны қалтамыз көтермейді» деп отыр. Ал әкімдіктегілер дайын емес жер телімдерін халыққа үлестіріп, әлдеқашан қызмет ауыстырып кеткен әріптестерін кіналап әлек.
Әділбек Зайдуллин, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары:


