Шаяхметов сотына келген ең басты куәгер негізгі сұрақтарға жауап беруден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шаяхметов сотына келген ең басты куәгер негізгі сұрақтарға жауап беруден бас тартты

Шаяхметов сотына келген ең басты куәгер негізгі сұрақтарға жауап беруден бас тартты

Бүгін Саят Шаяхметовке қатысты сотта басты куәгер түсінік берді. Ол - Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова. Бұрынғы әріптесі, яғни экс-вице-министр Шаяхметовтың  бар  былығын жайып саламын деп келген шенеуніктің өзінің басы бәлеге қала жаздады. Өйткені, Өскемендегі мектепке бөлінген бюджет қаржысына  негізгі жауапты болған және  нысанның құрылысы аяқталмағанын біле тұра  құжаттарға қол қойып жіберген осы Ғалымова көрінеді. Сондықтан бір топ адвокат басты куәгердің өзіне тап берді.

  • 21 Тамыз 2014
  • 539
Фото - Caravan.kz

Шаяхметов ісіне қатысты сот дәл осы Білім және ғылым министрлігіндегі жауапты хатшысының келмей қалуына байланысты бірнеше күннен бері кейінге қалдырылды. Бүгін басты кәугерге адвокаттардың ақыры қолы жетті. Қорғаушылар көп созбай, бірден сұрақты қарша боратып еді. Бірақ, мандытып жауап ала алмады. 

Әлия Ғалымова, Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы:

— Қандай да бір мәселе неліктен шешілмеді деген сұраққа жауап бере алмаймын. Оған құқым да құзыретім де жоқ. Оның үстіне сіз қойған сұрақ менің міндетіме кірмейді

Басты куәгердің  берген түсінігі процестің соңына дейін дәл осы ырғақта жалғасты. Жауапты хатшы екі сағат бойы «Өскемендегі мектептің құрылысына түк қатысым жоқ. Оған негізгі жауаптылардың бірі экс-вице-министр Шаяхметов» деумен болды. Тек Ғалымова  министрліктегі қазына қаржысының игерілуіне  бірінші жауапты адам екенін мойындағанда ғанда сот процесінің бойына қан жүрді. 

 Менің міндетіме атқарылған жұмыстар туралы акті бойынша, төленетін ақшаға қол қою ғана.  

Яғни, Жауапты хатшысол кезде-ақ болашақ инженерлер дайындайтын интернаттыңқұрылысы тоқтап  қалғанын білген. Сөйте тұра аяқталмаған жұмыстың құжатына қол  қойып жіберіпті. Енді адвокаттар куәгердің өзінен күдіктеніп отыр.

Нұрлан Бейсекеев, адвокат:

 Бюджет ақшасының жұмсалуы туралы құжатқа қол қойған осы адам. Мектептің құрылыс барысы туралы министрлікте  жиналыстар өткізген. Яғни кемшіліктерді білген. Бірақ осы олқылықтарды бұл кісіден ести алмай қор болып отырмыз. Тағы да сұраймын, сіз осыны біле тұра құжатқа қол қоймауыңыз мүмкін ба еді?

 Құрметті судья сұрақты түсінбедім…..

Сотталушылар да қарап қалмады, сөзінен сүрінген Жауапты хатшыға олардың да айтары көп екен.

— Сіз құрылысқа қанша ақша жұмсалғанын да білмеймін демеңізші?…

Бүгін бұған дейінгі отырыстарда  үнсіз тек тыңдап келген басты күдікті Саят Шаяхметов те тіл қатты. Ол судьядан сотқа құрылысқа қатысы бар өзге де куәгерлердің шақырылуын сұрады.

— Ал, бір топ адвокат болса, Өскемендегі мектептің құрылыс алаңында сот-сараптамасын жүргізуді  талап етуде. Сол арқылы қазына қаржысын ешкім ұрламағанын дәлелдеп шықпақ. Оның үстіне бүгін Білім министрлігінен келген Жауапты хатшыдан 700 балаға арналған интернаттың құрылысы 80 пайызға аяқталып қалғаны белгілі болып отыр.