Ақтөбеде аптап ыстықтан саяжайлар жаппай өртеніп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде аптап ыстықтан саяжайлар жаппай өртеніп жатыр

Ақтөбеде аптап ыстықтан саяжайлар жаппай өртеніп жатыр

Ақтөбеде саяжайлар орналасқан жер мен орман алқабы отқа оранды. Аптап ыстықтан қызыл жалын бет қаратпағандықтан, өрт сөндірушілер жарты күн бойы алысқан. Ал тұрғындар «101» қызметіне өкпелі. Себебі, оқиға орнынан шұғыл жеткенде осыншама аумақ отқа оранбас еді дейді. Өрт сөндірушілер болса, шақыртулардың көптігінен үлгере алмай жатқандарын айтып ақталды.

  • 21 Тамыз 2014
  • 352
Фото - Caravan.kz

— Аптап ыстықтың кесірінен Ақтөбеде өрт оқиғалары жиілеп кетті. Таңсәріде тұтанған от орман алқабын күлге айналдырып, саяжайларды да қызыл жалын шарпыды.

Отқа оранған бұл саяжай аумағында елуге тарта үй бар. Таң атпай күтпеген жерден тал-теректер тұтанған кезде тұрғындар оны өз күштерімен өшіруге тырысыпты. Бірақ жалын күш бермей кеткен. Ал өрт сөндірушілерге шұғыл хабар жеткенімен, олар оқиға орнына бір сағатта әрең келіпті.

— Таңертең басталды.

— Өрт сөндірушілер келді ме?

-Қайдағы бір сағаттан кейін келді.  Мына жерден күтіп алдым. Екі-ақ көлік келіп тұр. Төрт-бесеуі келу керек еді.

Саяжайда қанша үйдің жанып кеткені әзірге белгісіз. Себебі мамандар өртпен әлі алысып жатыр. Әйтеуір, ешкім зардап шекпеген. Шаһарға жарық беріп отырған электр станциясы да осы маңда орналасқан. Оның да аумағын от шалды. Бірақ маңызды нысанды қорғауға ешкім асығар емес дейді тұрғындар.

Наталья Перекопская, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

— Ең бастысы мына трансформаторлар өртенбесін деп отырмыз. Бірақ өртті сөндіруге ешкім келген жоқ. Ақтөбеде қос көліктен басқа өрт сөндіретін техника құрып қалған ба? Таңнан бері жүрген осы екеуі ғана.

Өрт сөндірушілер шақыртулардың көптеп түсіп жатқанын айтады. Қазір қаладағы техникалардың бәрі осында жүр екен.