Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының әкімін не үшін ауыстырғанын түсіндіріп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының әкімін не үшін ауыстырғанын түсіндіріп берді

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының әкімін не үшін ауыстырғанын түсіндіріп берді

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановты қызметінен алды.  Осы өңірде жүрген Елбасы сапарының екінші күнінде  осындай күтпеген кадрлық өзгеріс болды.

  • 21 Тамыз 2014
  • 350
Фото - Caravan.kz


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Индустриялық инновациялық бағдарлама, бизнестің  жол картасы, агробизнес жобаларын іске асыруда біраз кемшіліктер бар. Ауыл шаруашылығы бойынша жүйелі түрде жұмыс жасау қажет еді. Жерді кім болса сол алып алған.  Шаруалар  жұмыс істейін десе ешкім бермейді. 126 мың гектар жер пайдаланылмай жатыр. Тәртіп орнату керек.

Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановты Елбасы  агроөнеркәсіп пен индустрияландыру бағдарламасын мандыта алмағаны үшін осылай сынаған болатын. Осы олқылық себеп шығар, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Мұсахановты  күтпеген жерден қызметінен алып,  Алматы облысының әкімі етіп  Амандық Баталовты тағайындады. Жергілікті жұртқа танымал Баталов 2008 жылдан бері облыс әкімінің бірінші орынбасары болып келді. Ал экс-әкімнің қандай  қызметке жайғасары әзірге белгісіз.