Досының үйіне ұрлыққа түсіп, айыпты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Досының үйіне ұрлыққа түсіп, айыпты болды

Досының үйіне ұрлыққа түсіп, айыпты болды

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық сотында танысының үйіне ұрлыққа түскен қала тұрғынына қатысты сот отырысы өтті,

  • 21 Тамыз 2014
  • 319
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады Кентау қалалық сотының баспасөз қызметінен.  Ол 6 шілде 2014 жылы сағат 03:50 шамасында танысының пәтеріне барып, ешкім жоқ екеніне көзі жеткесін, терезесін сындырып кірген.  

Үйге заңсыз кіріп, жәбірленушінің жалпы құны 42 000 теңгеге бағаланатын заттарын ұрлап кеткен. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 175-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін ол кінәлі деп танылды.

Алайда, Қылмыстық Кодексінің 67-бабының 1-бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен татуласуына, келтірілген зиянның орнын толтыруына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.