Алтайда Джон Леннонға ескерткіш ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтайда Джон Леннонға ескерткіш ашылды

Алтайда Джон Леннонға ескерткіш ашылды

Британдық The Beatles тобының атақты әншілерінің бірі Джон Леннонға арналған ескерткіш Алтай өлкесінде ашылды.

  • 21 Тамыз 2014
  • 339
Фото - Caravan.kz

Мәрмәрдан жасалған 2 метрлік монумент "Бирюзовая катунь" туристік типтегі ерекше экономикалық аймақ аумағындағы өзеннің жағасына орнатылды.

Ескерткіш маңында концерт қойылды. Онда Барнаул мен Таулы Алтайдың өнерпаздары The Beatles тобының әндерін орындады. Леннон ескерткішінің ашылуын ұйымдастырушылар Ресейдегі Ұлыбритания жылына орайластырды.

Мүсінде Джон Леннон грампластинканың үстінде тұр, монументтің екінші жағында музыканттың сүйген жары Йоко Оно бейнеленген. Ал оның қасында қоңыз қашалған, "Imagine" әнінің сөздері ойып жазылған. Мүсінші бұл туындыны барша әлемдегі бейбітшіліктің символы ретінде таңдаған, деп жазады ИТАР-ТАСС.