Бұл туралы Үндістан мақта өсірушілер қауымдастығы мәлімдеді.
Ұйым мәліметіне сәйкес, 1 қазаннан басталатын 2014-2015 ауылшаруашылық жылында Үндістанда мақта түсімі 6,74 млн тоннаны құрайды. Мақта жөніндегі халықаралық ақыл-кеңестік комитет бұл көрсеткіш Үндістан үшін 6,04 млн тонна және Қытай үшін 6,22 млн тонна болады деп болжам келтірді.
Үндістан ауыл шаруашылығы министрліггінің мәліметі бойынша, 14 тамызға шаққанда мақта алаңы жылдық есеппен 5,4%-ға артып, 11,7 млн гектарға дейін жетті.