Ice Bucket Challenge шарасы аясында кіші Джордж Буштың үстінен мұздай су құйылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ice Bucket Challenge шарасы аясында кіші Джордж Буштың үстінен мұздай су құйылды

Ice Bucket Challenge шарасы аясында кіші Джордж Буштың үстінен мұздай су құйылды

АҚШ-тың бұрынғы басшысы кіші Джордж Буш Ice Bucket Challenge шарасына қатысты.

  • 21 Тамыз 2014
  • 537
Фото - Caravan.kz

Бұл шара шеңберінде зайыбы Лора оның басынан аяғына дейін мұздай су құйды. Бұл туралы кеше АП агенттігі мәлімдеді.

«Мені бұл жарысқа шақырған баршаңызға былай дегім келеді: бұрынғы президент ретінде мен өзімен мұздай су құямын деп ойламаймын, бірақ мен тек чек жазып беремін», — деп Дж.Буш Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған бейнебаянда мәлімдеді. Алайда бұрынғы президент чек жазып болғанша, зайыбы үстінен бір шелек су құйып жіберді.

Бұдан кейін Дж.Буш АҚШ экс-президенті Билл Клинтонды шараға қатысуға шақырды.


Ice Bucket Challenge қайырымдылық шарасы амиотрофикалық склерозбен сырқаттанатындарға қаржы жинау үшін жүргізілуде. Оған қатысушы өзіне мұздай су құйып, тиісті қорға 100 $ аударуы керек немесе су құймай-ақ ақша аударуына болады.