мүмкіндігі туралы мәселені зерттеуде, деп хабарлады қор басқармасы төрағасының орынбасары Елена Бахмутова.
"Ондай шешім қабылданған жағдайда, ақпарат жария етілсін деп шешілсе, біз ақпаратты жария етуге дайынбыз", деді Е.Бахмутова Астанада бейсенбіде жекешелендіру мәселелері жөніндегі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының стол басындағы кездесуінде.
Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов аты-жөндерін жария ету мәселесі зерттеледі, деп айтты.
"Коммерциялық құпия деген бар, сату-сатып алу келісімшарттары бойынша біз ақпараттың құпиялығы туралы жауап береміз, жария ету туралы тармақ бар, қазір бұл мәселелер пысықталуда", деді ол.
Бүгінгі күнде коммуналды меншік пен ұлттық компаниялар мен холдингтердің меншігінде болған 28 нысан жекешелендірілген, олардың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады, деді ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Құсайынов.