— Жаңа оқу жылының басталуына небәрі 10 күн қалды. Бірақ биылғы мереке Көктөбенің басында тұратын оқушылар үшін нағыз қорқынышқа толы. Өйткені, бұдан бұлай олардың мектепке баратын жолын, мінекей, мынадай 15 метрлік жар бөліп тұр.
Бұл төбенің басында қалып қойған оқушылардың тек жартысы ғана. Балалар төрт айдан бері табалдырықтан аттап басуға қорқады. Ойнайын десе, ауласында алып жар тұр.
— Тау бар мына жерде, құлап түссең өлесің! Қорқамыз!
Бәрінен бұрын әне-міне баласын мектепке жіберетін ата-ана үрейленіп отыр. Көз үйренген ескі жолды құрылысшылар бұзып, орнына мынадай үлкен ор қалдырған. Жиегі күнде сөгіліп төмен сырғи береді екен.
Гүлшат Қанымқұлова, Алматы қаласының тұрғыны:
— Осы тұрғандардың барлығы мектепке барады. Мектепке қалай жол жүреді? Осы жолдың мәселесін бізге шешу керек. Қыркүйектің біріне дейін. Балаларымыз мектепке бару керек, әлде мектепке бармай отырады ма бұлар?
Ал төменде жаңа жолдың құрылысы қызған. Қалаға шыққан тұрғындар осы құрылыстың барлығын аралап өтеді. Ең жақын жердегі аялдамаға жаяу бір жарым сағат дегенде әрең жетеді.
Нұрәлім Әміреева, Алматы қаласының тұрғыны:
— Күнде күнде қазады. Қазғаннан кейін ел үшін жағдай жасау керек қой. Ешқандай жағдай жоқ!. Су жоқ! Күнара су жоқ боп қалады.
Осылайша ойда жоқта төбенің басында қалған жұртшылық тым болмаса балалары үшін арнайы көлік сұрап отыр. Өйткені, ертең басына ауыр техника түсіп кете ме деп күдіктенеді. Ал құрылысты жүргізген мердігер бұл маңға автобус тұрмақ аялдама да қойдырмаймыз дейді.
Ғалымжан Байқал, «Дәулетдорстрой» ЖШС учаске бастығы:
