Алматыда жүкті келіншекті қаққан шенеунік екі айдан соң ғана жазасын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жүкті келіншекті қаққан шенеунік екі айдан соң ғана  жазасын алды

Алматыда жүкті келіншекті қаққан шенеунік екі айдан соң ғана жазасын алды

Алматыда мас күйінде көлік жүргізіп адам қағып кеткен Ұйғыр аудандық салық басқармасының бұрынғы басшысы 7 жылға дейін машина айдау құқығынан айырылды. Сондай-ақ, сот шешімі бойынша, Бақыт Құрмашев 30 күн абақтыға қамалды. 

  • 22 Тамыз 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz

Маусым айының соңында аяғы ауыр келіншекті жетегіндегі баламен қоса көлікпен қағып оқиға орнынан қашып кетпек болған салықшыға қатысты алғашында бірден 3 бап бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Дегенмен Алматы облысы Ұйғыр аудандық салық басқармасын осы шуға дейін басқарған Бақыт Құрмашев жапа шеккен тараппен келісімге келіпті. Сондықтан ол әкімшілік жазамен құтылды. Естеріңізге сала кетсек, апат болған жерден қашып кетуге әрекеттенген Құрмашевті оқиға куәгерлері қақпайлап ұстап алған еді.