Ақтауда таксидің бағасы қымбаттап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда таксидің бағасы қымбаттап кетті

Ақтауда таксидің бағасы қымбаттап кетті

Ал Ақтауда газ тапшылығына байланысты таксидің бағасы қымбаттап кетті. Қала тұрғындары қазір оған елу теңге артығымен төлеп жатыр. 

  • 22 Тамыз 2014
  • 332
Фото - Caravan.kz

Таксопарктегілер мәжбүрліктен осындай шараға барыпты. Газ мәселесі шешім табысымен, бұрынғы баға қайта орнына келеді дейді. Қазір тасымалшылар   қып-қызыл шығынға батқанымен, бәрі бұған түсіністікпен қарауда. Маңғыстауда осымен бір апта бойы газ жетіспей жатыр. Жанармай бекеттері жабылып, ал жұмыс істеп жатқан станцияларда жұрт ұзын-сонар кезек түзілуде. Әкімдіктегілер бұған жанармай жеткізушілердің оны басқа облыстарға, тіпті өзге елдерге сатуы себеп болғанын айтуда.