Джеки Чан баласы үшін басын иіп, кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джеки Чан баласы үшін басын иіп, кешірім сұрады

Джеки Чан баласы үшін басын иіп, кешірім сұрады

Әлемге танымал актер Джеки Чан ұлы Джессидің әрекеті үшін баршадан кешірім сұрады, деп жазады Лента.ру. 

  • 22 Тамыз 2014
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Мен баламды тәрбиелейтіндей күйде емеспін, сол үшін де кінәлімін. Жауапкершілігін бірге арқалауым керек. Джейси екеуіміз барлығыңыздан кешірім сұраймыз», — деді Чан.

Оның бұл сөзі Қытайдың әлеуметтік желілерінде шықты.

Сонымен қатар, Джеки Чан баласы туралы жағымсыз жаңалықты естігенде түсіней алмай дал болғанын, ал шешесінің жүрегі қарс айырылғанын айтты.

«Баламның басындағы бұл жағдай барлық жасөспірімге сабақ болуы тиіс», — дейді актер.

Еске сала кетейік, Джеки Чанның 31 жастағы ұлы Джейси Чан Бейжіңде тайваньдық актер Кай Ко екеуі есіртімен ұсталды. Оның пәтерін тексергенде тағы да 100 грамм марихуана табылған. Енді олар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.