Қарағанды облысының әкімі кардиохирургия орталығының жаңа операция-жан сақтау ғимаратын аралап көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының әкімі кардиохирургия орталығының жаңа операция-жан сақтау ғимаратын аралап көрді

Қарағанды облысының әкімі кардиохирургия орталығының жаңа операция-жан сақтау ғимаратын аралап көрді

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков облыстық кардиохирургия орталығының жаңа операция-жан сақтау ғимаратын аралап көрді.

  • 22 Тамыз 2014
  • 651
Фото - Caravan.kz

   Бұл туралы облыс басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Ғимарат ең соны үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Мұнда операциялық блок, жан сақтау және қарқынды терапия бөлімшесі, балалар кардиохирургиясы және ересектердің жүрек-қан тамыры хирургиясы блогы, өткір инфаркт блогы, клиникалық зертхана мен қабылдау бөлімшесі, орталық зарарсыздандыру бөлімшесі орналасқан.

«Жүрек-қан тамыры хирургиясы мен интервенциялық кардиология қазіргі заманғы медицинаның үлкен сұранысқа ие әрі қарқынды дамып келе жатқан саласының бірі. Операция-жан сақтау блогын салуға осы жағдай түрткі болды», — дейді Кардиологиялық орталық директоры Арыстан Мағзомов.

Оның айтуынша, өңірде жылына 11-12 мың адамның жүрегіне операция жасау қажет.


«Заманауи блок іске қосылғаннан кейін жасалатын ота санын жылына 2500-ден 5000-ға дейін арттырмақ», — деді А.Мағзомов.

Облыс әкімі болса жаңа блоктың іске қосылуы мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыттарды дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалып жатқанының айғағы екенін атап өтті.