МН17 апатында қаза тапқан 20 адамның мәйіті Малайзияға жөнелтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
МН17 апатында қаза тапқан 20 адамның мәйіті Малайзияға жөнелтілді

МН17 апатында қаза тапқан 20 адамның мәйіті Малайзияға жөнелтілді

Украинаның шығысында апатқа ұшыраған «Боингтегі» 20 малайзиялық жолаушының мәйіті жұма күні

  • 22 Тамыз 2014
  • 312
Фото - Caravan.kz

Куала-Лумпурға жөнелтілді.

Соған байланысты елде қаралы күн жарияланды, деп хабарлайды Би-би-си.

Амстердамнан аттанған арнайы чартерлік рейс жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат онда Куала-Лумпурге қонды.

Бүгін Малайзияда жалаулар түсіріліп, ұлттық үнсіздік минуты жарияланды.

Malaysia Airlines компаниясының MH17 рейсі 17-шілдеде Донецк облысы тұсында атып түсірілген болатын.


Борттағы 298 жолаушы мен экипаж мүшелері тегіс қаза тапты.