Білім және ғылым министрі мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім және ғылым министрі мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты ұсыныс жасады

Білім және ғылым министрі мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты ұсыныс жасады

Білім және ғылым министрі Аслан Сәренжіпов «мүмкіндігі шектеулі балалар» деген терминнің орнына «арнайы қажеттіліктері бар балалар» деген түсінікті қолдануды ұсынды.

  • 22 Тамыз 2014
  • 590
Фото - Caravan.kz

«Біз «мүмкіндігі шектеулі балалар» терминін «арнайы қажеттіліктері бар балалар» деп ауыструды ұсындық. Бұл жалпы әлемдік тәжірибеде бар нәрсе», — деді министр жұма күнгі тамыз кеңесінде.

Оның айтуынша, «бүгінгі таңда елімізде 35 мыңнан астам адам немесе арнайы қажеттіліктері бар балалардың 25 пайызына жағдай жасалған».

Министрдің пікірінше, «бұл жеткіліксіз, сондықтан осы бағытта белсенді қимыл жасауымыз керек».


«Инклюзивті білім беру саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқару жоспарланып отыр. Арнайы қажеттіліктері бар балалардың 50 пайызын инклюзивті біліммен қамту көзделген», — деді ол.