Астана әуежайында жалған құжатпен жүрген ауған азаматы құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әуежайында жалған құжатпен жүрген ауған азаматы құрықталды

Астана әуежайында жалған құжатпен жүрген ауған азаматы құрықталды

Астана әуежайында жалған құжатпен Дания азаматы ретінде тіркелмек болған 15 жасар ауғанстандық құрықталды.

  • 22 Тамыз 2014
  • 368
Фото - Caravan.kz

ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, оны «Астана» шекаралық бақылау жасағының қызметкерлері ұстаған.

«1994 жылы туған даниялықтың атына жазылған жалған құжат халықаралық КС152 «Бішкек-Астана» әуе рейсін рәсімдеу барысында анықталды», — делінген хабарламада.

Кәмелетке толмаған жолаушы Қазақстан арқылы транзитпен ұшпақ болған.


«Өзінің айтуынша, Кабулдан Бішкекке, одан Астанаға келген ол әрі қарай Лондонға, Ганноверге ұшып кетпек болған», — делінген хабарламада.

Тексеру жүріп жатыр.