Бұл туралы жұма күні қалалық Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
20-тамыз күні Алматы қалалық қаржы полициясы департаментіне шағымданған кәсіпкерлердің бірі «Алматы-1» станциясының желілік ІІБ лауазымды тұлғасының өзінен 84 мың теңге пара талап еткенін айтқан.
Бөлім бастығы пара алу барысында қолға түсті.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүріп жатыр.