«Алматым – іңкәрім менің» фестивалінің билеттері ойнатыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматым – іңкәрім менің» фестивалінің билеттері ойнатыла бастады

«Алматым – іңкәрім менің» фестивалінің билеттері ойнатыла бастады

«Алматым – іңкәрім менің» фестивалі өтетін жерге көрермендер биыл да арнайы шақыртумен ғана кіре алады. Ол үшін әлеуметтік желі мен радио тораптарда үздіксіз жүргізіліп жатқан викториналарға қатысу керек. Сөйтіп, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген адам екі билетке ие болмақ. Ал осымен 15-ші мәрте өткізілгелі отырған ретро кештің басталуына екі аптадай уақыт қалды. Қазір оған дайындық қызу жүргізіліп жатыр.

  • 23 Тамыз 2014
  • 315
Фото - Caravan.kz

«Алматым – іңкәрім менің» фестивалінің басталуына небәрі 15 күн қалды. Демек, дайындыққа да уақыт тапшы. Қазір кешті ұйымдастырушы топ та, әртістер қауымы да бір минутқа да бос емес. Әсіресе, бишілер үлкен сахнаға абыроймен шығу үшін барын салуда. Биылғы фестиваль Голливуд стилінде өтетіндіктен, мюзикл жанрындағы қойылымдар тым көп.

Андрей Хван, хореограф

— Осы жолы фестиваль нағыз шоу ретінде өтеді. Жарық, дыбыс, барлығы да еселене түскен. Негізі 3 би студиясынан 100-ге жуық биші қатысудамыз. Уақыт өте аз. Сондықтан шаршасақ та, дайындықты тоқтай жатырмыз.

Енді дайындық Халықаралық шаңғы трамплині кешенінде де басталауы тиіс. Бірер күнде мұнда алып сахна тұрғызылмақ. 7 мың адам жиналатын орында қауіпсіздік шарасын да екі есеге күшейту көзделген.

Руслан Қаңтарбаев, «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплині кешенінің директоры


— Мына жерге сахна құрылады. Ертең құрыла бастауы тиіс. Ол өте үлкен болады. Көрермендерден бөлек, арнайы шақырылған қонақтарға да орын әзірленген. Бәрінен де қауіпсіздік шарасы күшейтілмек.

Ал билет биыл тегін таратылмақ. Бірақ өзіндік шарты бар. Әлеуметтік желілер мен радиоларда қазір түрлі викториналар жүргізіліп жатыр. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендер екі билеттің иесі болады. Жеңімпаздар қазірдің өзін де баршылық. 

Сонымен, 6 қыркүйекте Алатау бөктеріндегі әсем қала – Алматыға жұршылық махаббатын білдіруге 15-ші мәрте жиналмақ. Отандық 70-ке жуық әртістен бөлек сахнаға Ресей эстрадасының ханзадасы – Николай Басков, әйгілі үш ноянның бірі – Михаил Боярский, немістің «Bed boys blue» тобы шығады деп күтілуде. Сондай-ақ, әнсүйер қауым үшін Италия жұлдыздарының бірінің келуі басты тосын сый болмақ. Бірақ оның кім екені әзірге құпия.