Алматыда Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды

Алматыда Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды

Бүгін әйгілі әнші, КСРО Халық артисі Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті. Оған марқұмның туған-туыстары, әріптестері, достары қатысты.

  • 23 Тамыз 2014
  • 333
Фото - Caravan.kz

Ескерткіш тақта орнатылған мына үйде Ермек Серкебаев өмірінің қуанышты сәттерін өткізген. Сол кездерде ол Қазақ радиосында диктор болып қызмет етіп, артынан консерваторияны тәмәмдаған. Ұлы Байғали да осы үйде ер жетіпті. Өмірін өнерге арнаған дарынды тұлға ұзақ жылдар бойы Абай атындағы опера және балет театрында еңбек етті. Ол қазақ және шетел классиктерінің шығармаларын шеберлікпен орындап қана қоймай, киноға да түсті. Ермек Серкебаев былтыр күзде 88 жасқа қараған шағында көз жұмған еді.


Бибігүл Төлегенова, КСРО Халық артисі:

— Бүгін Ерекеңе ескерткіш тақтасының қойылғандығы өте дұрыс болды деп ойлаймын. Өйткені ондай адамдар ешқашан ұмытылмау керек. Қашанда еске алып тұруымыз керек. Әсіресе жастар.