Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраевтың ісі сотқа жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраевтың ісі сотқа жетті

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраевтың ісі сотқа жетті

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраевтың ісіне қатысты алғашқы сот отырысы 2 қыркүйекте болады. Бүгін алдын ала тыңдау өткізген Астана қалалық соты осындай шешім шығарды. Сөйтіп, сегіз айдан бері тергеу абақтысында отырған Мүсілім Өміраев бүгін сот залына жеткізілді. Алайда, адын ала тыңдау жабық жағдайда өтті.

  • 23 Тамыз 2014
  • 204
Фото - Caravan.kz


Мүсілім Өміраев «жеке кәсіпкерден 100 мың доллар пара алып, оның мемлекеттік тендерде жеңіске жетуіне көмектеспек болған» деп айыпталуда. Ал онымен бірге ұсталған Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі департаменттің бұрынғы басшысы Мақсұт Бақтыбаев жазадан оңай құтылды. Ол да былтыр ірі компания басшысынан  720 мың теңге пара алып жатқан жерінде қолға түскен еді. Жарты жыл тергеуден кейін судья: «Бақтыбаев жазасын 3 жыл шартты түрде  өтесін» деген үкім шығарып, экс-шенеунік сот залынан үйіне қайтқан болатын.