Екі команданың жанкүйерлері ойын барысында да бір-біріне қырғи-қабақ болып отырды. Ал «Ақтөбенің» жеңілісінен кейін тіптен ашуға булыққан жанкүйерлерді ұстап тұруға тәртіп сақшыларының шамасы жетпеді. Көше бойында шатақ шығарғандар құзырлы орын қызметкерлеріне де тас лақтырып, қарсылық танытқан. Сондықтан «Легия» командасы жатын орындарына полицейлердің көмегімен жетті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жаппай тәртіпсіздік кезінде ешкім зардап шекпеген. Ал жанкүйерлер үйлеріне әндетіп тарқасты.