Рамзан Қадыровтың қызы қари атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рамзан Қадыровтың қызы қари атанды

Рамзан Қадыровтың қызы қари атанды

Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың 10 жасар қызы Табарик Кадырова Құран Кәрімді толық жаттап шықты, деп хабарлады www.muslim.kz сайты.

  • 25 Тамыз 2014
  • 453
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желілерде, Шешенстан басшысы: «Бүгін біздің отбасымызда үлкен қуанышты жағдай болып отыр. Табарак қызым Құран Кәрімді толық жаттап «қари» атанды. Табарак бар-жоғы 10 жаста. Бірақ ол Құранды шынайы ықыласымен жаттап шықты. Оның ата-бабалары бүкіл өмірін осы Алланың хақ жолында сарп еткен болатын», — дейді.

Оған қоса Рамзан Қадыров: «Қазір Шешенстанның аумағында исламды үйренуге және оны ұстануға барлық жағдай жасалған. Ал, бұрындары Шешенстанда мешіттер жоқ еді. Құран үйреткен кісілер абақтыға қамалатын», — деп, еске алған Рамзан Қадыров бүгінде Шешенстан Республикасында жүздеген мешіттер, 5 қарилар орталығы және 1 ислам университеті бар екендігін жеткізді.

Айта кететін жағдай, бұдан бұрын  Рамзан Қадыровтың 6 баласы қари атанған болатын. Олар: қыздары — Айшат, Хутмат және Хадижат. Ұлдары  — Али, Ахмад және Адам.