Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жексенбі күні олар Ақши ауылы маңындағы шаруа қожалықтарының біріне баса-көктеп кіріп, күзетшіні соққыға жыққан. Содан соң 15 қой мен ешкіні көлікке тиеп алып кетіпті.
«Газель» көлігінің нөмірін есіне сақтап қалған күзетші дереу полицияға хабар берген. Көп ұзамай Алматы-Астана тас жолында көзге түскен көліктен қолды болған мал да табылды.
Мал иесіне қайтарылып, Еңбекшіқазақ ауданында тұратын үш тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды.