Білім және ғылым министрі Аслан Сәренжіпов осындай уәде берді.
«ЖОО оқу ақысы қымбаттамайды. (…) Ол мемлекеттік грант бағасына телінген, мемлекеттік грант өзгермейді (…). Біздің нақты ұстанымымыз осындай», — деді ол дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.
«Оқу ақысы білімнің қолжетімділігіне әсер етеді. Біздің алдымызда білім алу жастар үшін қолжетімді болуы тиіс деген міндет бар. Соған байланысты жоғарғы оқу орындары бағаны көтермейді. Биылғы жылы көтермейтіні анық», — деп сендірді министр.