Қостанай облысының диқандары жиын-терімге кірісіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысының диқандары жиын-терімге кірісіп кетті

Қостанай облысының диқандары жиын-терімге кірісіп кетті

Қостанай облысының диқандары егінге орақ салды.

  • 25 Тамыз 2014
  • 544
Фото - Caravan.kz

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бөлім бастығы Сәлімжан Исенамановтың айтуынша, биыл жиын-терім кеш басталып отыр.

«Әдетте диқандар жиын-терім науқанына 15-тамызда кіріседі. Жұмыстардың кешіктірілуіне жауын-шашын түрткі болды», — деді С.Исенаманов.

Оның айтуынша, қазір техника мен жанар-жағармай қоры жеткілікті, ауа-райы да қолайлы болып тұр.


Облыс бойынша 3,7 млн гектар алқапқа бидай егілген.

Өткен жылы өңір диқандары 4 млн 14,5 мың гектардан 4 млн 596 мың тонна бидай жинап алған болатын.