деп мәлімдеді аймақ басшысы Қанат Бозымбаев.
«Бұл мәселе, әсіресе қалаларда тым өткір. Біз Тереңкөл ауылында мектеп жанындағы интернаттан 90 орындық бала-бақша жасауға 66 млн теңге, Баянауыл ауылындағы бала-бақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 40 млн теңге, «ҚазТрансОйл» компаниясының көмегімен Павлодар қаласында 320 орындық бала-бақша салуға 100 млн теңге таптық», — деді әкім дүйсенбі күні облыс мұғалімдерінің конференциясында.
Сонымен қатар, ERG Kazakhstan жеке меншік компаниясының көмегімен Павлодар мен Мойылды ауылында екі бала-бақша ғимаратын сатып алу жоспарланып отыр, деді ол.
Аймақ басшысы жеке инвесторлар мен жергілікті биліктің әлеуметтік белсенділігінің төмендігін қатаң сынға алды.
«Мемлекет-жеке меншік әріптестігін дамытуда жеке бизнестің де, жергілікті билік орындарының да белсенділік танытпайтынын айтпай кетуге болмайды», — деді Қ.Бозымбаев.
Конференция барысында әкім қалалар мен аудан әкімдеріне 2015 жылы кем дегенде бір, ал қалаларда кем дегенде үш мемлекеттік емес бала-бақша ашуды тапсырды.