Бұл туралы дүйсенбі күні «облыстық прокуратурадан хабарлады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Әзірге ешкімге айып тағылған жоқ. Түрме қызметкерлері Баймағанбетовтың соққыға жығылуына байланысты түсініктеме беріп жатыр. Қылмыстық іс арнайы прокурорлар басқармасының қарауына берілді», — деді сұхбат беруші.
Бұрын хабарланғандай, пара алды деп айыпталған С.Баймағанбетов 2013 жылы қаңтарда 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.