Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады

Қасиетті Ұлытауға  барған сапарында  арнайы сұхбат берген президент тек қазақ тілін дамытып қалған тілді кемсітетін болсақ, екінші Украинаға айналуымыз мүмкін деген ойын айтты. 

  • 26 Тамыз 2014
  • 410
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жарайды барлығын тиып тастап, қазақ тілінен басқасын жауып тастап заңменен, аузыңды ашпа, десең онда  Украина боламыз.Қазір түсінген шығар, қазақтың барлығы. Соны жасап жұрттың басынан сыбап отырып қазақ, қантөгіс қылып тәуелсіздіктен айырылу керек па, әлде ептеп-ептеп мәселені шешу керек па? Мәселе сонда. Ал таңдайық қайсысын аламыз? Сондықтан мен ойлаймын бұл жерде сабырлық керек.

Бірақ  президент қазақ тілінің дамуына ештеңе  кедергі болмайды деп мәлімдеді. Қазір бірқатар облыстарда іс жүргізу мемлекеттік тілге көшті. Оның үстіне тәуелсіздік жылдарындағыдай емес, қазақ саны көбейіп келеді. Сондай-ақ, Елбасы тәуелсіздікке қатер төндірген жағдайда, Еуразиялық экономикалық Одақтан шығып кетуге құқы бар екенін тағы қайталады. Әзірше ондай қауіптің жоқтығын айтқан Нұрсұлтан Назарбаев 36 минутқа созылған галстуксыз сұхбатта дін мен тілдің жағдайына көбірек тоқталды. Әсіресе, мемлекет басшысы халықаралық терминдердің қазақ тіліне аударылып жатқанына риза емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Талай жазушылар композиторларды естіп жүрмін. Пианино «пиа» деген Оны біз күйсандық дедік. Ешқандай ешнәрсеге жаныспайды. Сандық пен күйдің арасына пианиноны қосуға бола ма? Мысалы композитор дүнижүзінде композитор. Біз сазгер деген . «Саз» деген басқа мағынаны білдіреді. Мұның бәрі неден шығып жатыр? Ойлаймыз орыстың тілінен кетуіміз керек деп.  тілі деп. Біресе түріктен парсыдан аламыз.Сөйтіп бұзылып жүрміз. Тілді байыту керек.