Алматы облысында шаруа қожалығына шабуыл жасаған қылмыскерлер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында шаруа қожалығына шабуыл жасаған қылмыскерлер ұсталды

Алматы облысында шаруа қожалығына шабуыл жасаған қылмыскерлер ұсталды

Алматы облысында шаруа қожалығына шабуыл жасаған қылмыскерлер ұсталды, деп хабарлады өңірлік ІІД.

  • 26 Тамыз 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz

«Ұялы телефоннан Іле АІІБ кезекші бөлімінің «102» арнасына белгісіз ер адамдар Ақши ауылында орналасқан шаруа қожалығына баса-көктеп кіріп, күзетшіні ұрып-байлап тастап, 15 қой-ешкіні ұрлап кеткені туралы хабар келіп түсті», — делінген хабарламада.   

Зардап шеккен адамның айтуынша, қылмыскерлер Газель машинасына мініп тайып тұрған, ол көліктің мемлекеттік нөмірін ішінара есте сақтап қалған. Дегенмен машинаның белгілері Іле ауданындағы барлық жол-торуыл полициясының экипаждарына берілді. Көп кешікпей торуыл экипаждарының бірі айтылған белгілерге ұқсас Газель автмошинасы «Алматы-Астана» автожолымен кетіп бара жатқанын хабарлады. Полицейлер трассаның 59-ы шақырымында машинаны тоқтатты. Салондағы күдіктілер ұсталып, таяу маңдағы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Автомашина қорабындағы ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды.


Қазіргі кезде көршілес Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары болып шыққан үш күдікті Іле АІІБ-іне қамалды. Тонаушылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.