Дубайда туристерге айыппұл салынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дубайда туристерге айыппұл салынбақ

Дубайда туристерге айыппұл салынбақ

Дубай билігі адамдарға құбылмалы ауа райы кезінде шомылғандары үшін айыппұл салуды жоспарлап отыр. 

  • 26 Тамыз 2014
  • 336
Фото - Caravan.kz


Полиция қызметкерлері жағалауда қауіптің бар екенін ескертетін қызыл жалау тұрғанда суға жүзетін немесе су спорты түрлерімен айналысатындарды жазаға тартатын болады. Бұл шара жақын арада енгізілмек, деп хабарлайды Emirates24/7.

Айта кетейік, жағалауға қызыл жалау демалушыларға ауа райы қолайсыз болатыны жайлы ескерту ретінде ілінеді. Бұл суда жарақаттану мен суға батып кетудің алдын алу үшін қолға алынатын шара. Алайда адамдар көп жағдайда оған мән бермейді. Енді оларға бұл қылықтары үшін айыппұл салынатын болды. Әзірге оның көлемі хабарланбады.