Қуаттандырғыш батареялар аса сапалы болмақ. Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы ресми парақшасында хабарлаған.
"Тағы бiр жақсы жаңалық, қазақтың тұңғыш батарейкалары. Ерекшелiгi — Қазақстандағы барлық шетел батарейкаларынан екi есе күштi, екi есе арзан болмақ, бұйыртса…" — деп жазады Қ.Болманов.
Айта кетейік, «Бал-бала» компаниясы қазақша сөйлейтін қуыршақтар өндірумен айналысады. Қуыршақтардың бір бөлігінің прототиптері — қазақ халық фольклорының кейіпкерлері болса, бір бөлігі жан-жануарлар кейпінде бейнеленген.