онда кеншілер наразылық акциясын өткізген болатын, жұмысты тоқтату туралы шешімді басқарушы компания- "Ресей мыс компаниясы" ЖАҚ қабылдады, деп хабарлады облыстық еңбек басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Қабжәмітов.
Компания жұмысшылардың еңбек жағдайын тексеріп көрмек.
"Еңбек шарттары мен ақы төлеу жағын тексеру бастамасын басқарушы компания "Майкаинзолото" –РМК көтеріп отыр.
Облыстың еңбек басқармасы да өз тарапынан тексеру жүргізуде.
Алдында айтылғандай, тамыз айының ортасында "Алпыс" руднигінің үш кезегінің де кеншілері үшкүндік наразылық акциясын өткізген, олар лайықты еңбек жағдайы мен жалақы талап етуде.
"Майкаинзолото" құрамында алтын бар колчеданды-полиметалл руданы игеру және өңдеумен айналысады. Кәсіпорында 826 адам жұмыс істейді.