Өткен дүйсенбіде Шымкенттің Еңбекші аудандық сотының үкіміне орай компания филиалының экс-директоры қаржы полициясына ірі көлемде пара бергендігі, аса ірі көлемде мемлекеттік мүлікті ұрлағандығы, ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізгендігі үшін кінәлі деп танылды.
Оған тағайындалған жазаға орай ол үш жылға бас бостандығынан айырылып, мүлігі тәркіленеді, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге тиіс.
Филиалдың лауазымды тұлғаларына қатысты іс 26-қазан күні қозғалған, онда кәсіпорыннан 4,8 млн теңгенің ұрланғандығы анықталған болатын. Артынан қаржы полициясы қызметкеріне 1,5 млн теңге бермек болған филиалдың экс-директоры ұсталды, ол сол ақша арқылы қылмыстық істі тоқтатуға әрекеттенген.