Алматыда тағы да қосқабатты үй өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тағы да қосқабатты үй өртенді

Алматыда тағы да қосқабатты үй өртенді

Алматыда Сейфулин көшесіндегі №64 қос қабатты үйден өрт шықты.

  • 26 Тамыз 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлшат Дәуренбекова хабарлады.

Оның айтуынша, өрт таңғы сағат 4-те тұтанған. Қызыл жалын бірінші қабаттағы пәтерден басталып, 40 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жарты сағатта ауыздықтап үлгерген.

«Төтенше жағдай салдарынан 2 адам зардап шекті. Бірі — осы үйдің тұрғыны ауруханаға барудан бас тартты. Сондай-ақ, бас сүйегіне зақым келген полиция қызметкері жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. 50 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді», — деді Г.Дәуренбекова.

Қазір өрттің неден тұтанғаны анықталуда.


Естеріңізге сала кетейік, бұл бірінші тіркелген жағдай емес. Тамыз айының өзінде Алматыда каркас-қамыстан салынған 2 үйден өрт шықты.

Қазір өрт салдарынан 50-ге жуық адам баспанасынан айырылып, күркешіктерде жан бағып жүр.