Инженер мен дәрігер - Қазақстанда сұранысы жоғары мамандықтар - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Инженер мен дәрігер - Қазақстанда сұранысы жоғары мамандықтар

Инженер мен дәрігер - Қазақстанда сұранысы жоғары мамандықтар

Инженерлер мен дәрігерлер - Қазақстанның еңбек нарығында  сұранысы жоғары мамандықтар.

  • 26 Тамыз 2014
  • 531
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін жұмыс берушілер мен түлектердің арасында жүргізілген сауалнаманың қортындыларына арналған брифингте "Кәсіпқор" холдингінің жастар ісі жөніндегі департаментінің директоры Тоғжан Жұмағұлова мәлім етті.

«Маусым-шілде айларында «Ел қанаты» қоғамдық қоры жұмыс берушілердің сұранысына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізді. Оған Қазақстанның 16 өңірінен 200-ден аса жұмыс беруші тартылды. Сауалнама көрсеткеніндей, инженерлер (13,8%) мен дәрігерлер (12,8%) — Қазақстанда сұранысы жоғары мамандықтар. Одан кейін педагогтар (10,1%), бағдарламашылар (7,4%) және құрылысшылар (6,4), маркетологтар (6,2%) келе жатыр», — деді «Ел қанаты» қоғамдық қорының төрағасы Асылбек Жақып.

Сонымен қатар сәуір-маусым айында түлектер арасында мамандықтарды таңдауға қатысты сауалнама өткізілген. 2000 оқушы қатысқан сауалнамада анықталғанындай, олардың арасында техникалық ғылымдар мен инженерлік (20,5%), медицина (19,8%), экономика (13%), заңгерлік (6,1%), мемлекеттік және жергілікті басқару (6,1%) мамандықтарына түсуге ниеттенгендердің қарасы көп.