Былтырдың өзінде құзырлы орын қызметкерлері 60 миллионнан астам жалған өнім тәркілеп көзін жойған. Сондықтан «Ұлттық зияткерлік меншік институты» алаяқтық жолмен пайда тауып жүргендердің жолын кесу мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр. Заңсыз кәсіппен айналысатындар тұрмыстық заттар мен косметикалық бұйымдар, дәрі-дәрмектер мен азық-түліктерді әзірлеп арзан бағаға сатады екен. Бұл тіпті еліміздің тауар айналымына да айтарлықтай зиянын келтіріп тұр.
