Білім министрі келгенде жарығы өшкен ғимаратты салған құрылысшылар жалақыларын әлі алмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрі келгенде жарығы өшкен ғимаратты салған құрылысшылар жалақыларын әлі алмаған

Білім министрі келгенде жарығы өшкен ғимаратты салған құрылысшылар жалақыларын әлі алмаған

Қыстан бері жалақы көрмеген. Алматыда жуырда ғана ашылған киноконцерт залын тұрғызған құрылысшылар бүгін наразылық шарасына шықты. Олар жұмыс толық аяқталып, нысан салтанатты түрде ашылғанына қарамастан әлі айлықтарын алмағанына наразы.

  • 27 Тамыз 2014
  • 381
Фото - Caravan.kz

Нұрбол Арманов, құрылысшы:  

Бармаған жеріміз қалмады. Мына адамдар оннан, жиырмадан бір бөлігі. Әлі маңырап жүрген адамдар көп. 500 адам бар, барлығы айлығын ала алмай келеді қаңтар айынан бері. Айлық 80 мен жүз мыңның арасында. 5 айды есептеңіз.

1040 орындық жаңа ғимаратты осыдан бір апта бұрын қала басшысы Ахметжан Есімов Білім және ғылым министріне мақтана таныстырып, тамыз мәслихатын өткізген болатын. Ішінде үлкен концерт залы, кинотеатр және компьютерлік залдар бар. Бірақ оны небәрі бір жарым жыл ішінде рояльға ұқсатып тұрғызған құрылысшылар еңбекақысы әлі алмапты. Қаңтардан бері жалақы бермеген «Толқын» құрылыс компаниясының басшылығы олардың әрқайсысына кемінде 500 мың теңге берешек болып қалған. Жұрттың осыны айтып , шулап жатқанына айлар өтсе де мәселе шешімін таппапты. Сондықтан ашулы құрылысшылар бүгін қала әкімдігіне жол тартты. Бірақ атқамінерлер қажетті үш жарым миллиард теңгені аудардық деп өздеріне шаң жуытпады.

Мәди Отарбаев, Алматы қалалық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Біз ақшаның барлығын төледік. «УК «Толкын» жұмыстарын бітіріп, біз міндетімізді атқардық. Жұмыс жасағаны үшін ақшаның барлығын төледік. Олар өзімізден де қашып жүр. Бізбен кездескісі келмейді. Олардың да кінәлары бар біздің алдымызда. Өздері шешсін жұмысшылармен, басқа ештеңе айта алмаймын.