Серік Баймағамбетовті соққыға жыққан кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Баймағамбетовті соққыға жыққан кім?

Серік Баймағамбетовті соққыға жыққан кім?

Кеден комитетінің бұрынғы басшысының түрмеде соққыға жығылуына байланысты қызмет бабын асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді Серік Баймағамбетов жазасын өтеп жатқан абақты қызметкерлерінің өздері тергеліп жатыр. Олар экс-шенеуніктің денесіндегі жарақат пен қандай жағдайда басына зақым келгенін түсіндіріп беруі тиіс.

  • 27 Тамыз 2014
  • 507
Фото - Caravan.kz

Бұл бір жыл бұрын ғаламторды шарлап кеткен сурет.  Баймағамбетов түрме серкесі ретінде ортада тұр. Ол бұрын ішкі істер министрлігін де басқарған еді. Ал Қарағанды облысындағыАК-159/6 абақтысында негізінен полиция мен прокуратураның бұрынғы қызметкерлері жазасын өтейді. Олардың арасына қандай сызат түскенін кім білсін, әйтеуір Баймағамбетов аяусыз соққыға жығылған. Оны кімнің ұрғанын тергеушілер анықтауы тиіс. Ал Қылмыстық атқару комитеті қандай да бір сұхбат беруден бас тартып отыр. Естеріңізге сала кетсек,  Кеден комитетінің экс-төрағасы аймақтардағы бос орындарды 80 мың долларға сатты  деген айыппен 10 жылға абақтыға жабылған болатын. Алайда  Баймағамбетов  кінәсін сол күйі мойындамай кетті.