Ақтауда газ тапшылығын қолдан ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда газ тапшылығын  қолдан ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

Ақтауда газ тапшылығын қолдан ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

Ақтау газы жасырын жолмен Ресейге жеткізіліп келіпті. Бүгін Маңғыстау облысындағы полицейлер өңірде екі аптадан бері туындаған көгілдір отын тапшылығына қатысты осындай шұғыл мәлімдеме жасады. Тіпті сөздеріне бейнекөрініс арқылы айғақ та келтіріп отыр.

  • 27 Тамыз 2014
  • 333
Фото - Caravan.kz

Таспадағы әрекетке қарағанда, өзін Ресей азаматымын деп таныстырған мына адам газ тиелеген көлікті шекарадан асырмақ болыпты. Айтуынша, көгілдір отынды оған Ақтаудағы жеке бекет иелерінің бірі сатып келіпті. Әзірге өңірден осындай әдіспен қанша тоннаның көрші елге шығарылғаны белгісіз. Полиция сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлер мен шетелдіктер атынан келісім жасап келген делдал келіншекті де қолға түсірген. Қазір тергеушілер қылмыстық топтың өзге  мүшелерін де тексеріп жатыр. Болжамдарға қарағанда, дәл осы жасырын сауда кесірінен өңірде газ тапшылығы орнаған.

Амангелді Досаханов, Маңғыстау облыстық ІІД бастығының орынбасары:

— Әшкерленген орталықтан екі бос көлікті таптық. Екеуі де газ құйып алу үшін Ресейден келген. Қазір жүргізушілері тұтқындалып, бұл іске қатысы барлар тексеріліп жатыр.