Көкшетаудағы демалыс кешені тоналды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетаудағы демалыс кешені тоналды

Көкшетаудағы демалыс кешені тоналды

Көкшетау қаласында демалыс кешендерінің біріне ұры түсіп, 900 мың теңгеге жуық ақшаны үптеп кеткен. 

  • 27 Тамыз 2014
  • 312
Фото - Caravan.kz

Оқиға түн ішінде болған. Дәл осы уақытта қонақ үй кешенінің екінші қабатындағы қарауыл есіктің бұзылып, қарақшылардың кіргенін естімеген. Саудадан түскен қаржы арнайы жасалған темір қораптың ішінде сақтаулы тұрған. Кешеннің бейнебақылау камерасынан қарақшылардың бетперде жамылып келгені анық көрінеді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Полицейлер бірнеше нұсқаны алға тартып отыр, деп хабарлайды 24.kz. 

«Оқиға орнына бірден тергеу тобы жедел жетті. Олар есеп-қисап жүргізіп,  840 мың теңге көлеміндегі ақшаның қолды болғанын  анықтады. Бұл ұрлықтың бірнеше нұсқасы қаралып жатыр. Оның біріне сүйенсек, тонаушылар осы кешенде бейнебақылаудың бар екенін бұрыннан білген. Сондықтан бетперде жамылып келген», — дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.