«Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Петр Порошенко арасындағы бүгінгі кездесу бүгінгі келіссөздердің басты негізгі қорытындылары болып табылады. Себебі, олар соғыс басталған 6 айдан бері бір-бірімен жеке кездеспеген, тек БАҚ арқылы ғана тілдескен еді», — деді Н.Назарбаев Минскідегі келіссөздер аяқталған соң қазақстандық журналистерге берген сұхбатында.
«Ол жерде ғимараттар, баспаналар бұзылған. Қыс жақындап келеді. Әсіресе, Луганскіде электр желісі, құбырлар желісі бүлінген, адамдары қарапайы заттардың өзіне, оның ішінде дәрі-дәрмек пен азық-түлікке мұқтаж. Сондықтан бұл өңір үшін гуманитарлық көмек қажет. Оған Қазақстан өз үлесін қосуға дайын. Мен гуманитарлық жүктерді жеткізу кезінде бейбітшілік жариялап, дәлізді қамтамасыз етуді және оған Ресей ғана емес, басқа да елдердің қатыстырылуын ұсындым», — деп қорытындылады Н.Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының президенттерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Үш мемлекеттің көшбасшылары Украина Президенті мен Еуропалық одақ өкілдерінің қатысуымен өткен кездесудің қорытындысын талқылады. Президенттер Украинадағы ахуалды тездетіп реттеуге бағытталған күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, мемлекет басшылары Кедендік одақ пен 2015 жылы іске кірісетін Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың басымдыққа ие бағыттарын қарастырды.
Украина экономикасын құтқару жөніндегі шаралардың дағдарысқа қарсы жоспарын әзірлеу қажет — ҚР Президенті
Елбасы Кеден одағы елдері көшбасшыларының, Украина және Еуропалық Одақ өкілдерінің кездесуіне қатысты.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Украина Президенті Петр Порошенко және Еуропалық Одақ өкілдері — Еуропалық комиссия төрағасының орынбасары Кэтрин Эштон, энергетика мәселелері жөніндегі комиссар — Гюнтер Эттингер және сауда мәселелері жөніндегі комиссар Карел Де Гюхт қатысты.
Кездесуге қатысушылар Украина мен Еуропалық Одақ арасында жасалған Қауымдастық туралы келісімді орындау мәселелерін, сондай-ақ Донбастағы жағдайды тұрақтандыру жолдарын талқылады.
Қазақстан Президенті мұндай кездесу өткізудің маңыздылығы мен қажеттігін айтты.
— Украинадағы ахуал бір елдің аясынан әлдеқашан асып, халықаралық ауқымға шығып, қатерлі шекке жетті. Жағдайдың бұдан әрі ушығуы өңірлік қана емес, жаһандық ауқымдағы болжаусыз салдарларға соқтыруы мүмкін, бұл бүкіл әлемге қауіпті, — деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев алға ілгерілеу үшін шешім қабылдаудағы жауапкершіліктің маңызды екенін айтты.
— Өзара мәміле мен шегініс болмайынша, қандайда бір нәтижеге жету мүмкін емес. Көп нәрсе Украинаның, Ресей мен Еуропалық одақтың сындарлы ұстанымына байланысты. Біз Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен бірге бастамашылық еткен бүгінгі кездесуге зор мән беріп отырмыз. Бәрі бізді оң нәтижеге қол жеткізеді деп үміттенеді. Қазақстан өз тарапынан айтарлықтай күш-жігер жұмсады, ұсыныстарын айтты, — деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы біздің еліміз Украинаның шығысындағы гуманитарлық апатты кідіріссіз шешуге шақыратынын хабарлады.
— Қазір ең алдымен Украинаның зардап шеккен халқына ауқымды гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ету керек. Ресей Федерациясы көмек көрсетуді бастап кетті. Бұл үдеріске Кедендік Одақ, ТМД елдерін қоса алғанда, халықаралық ұйымдар қатысуға тиіс. Біздің еліміз өз тарапынан, соның ішінде Қызыл крест және жарты ай қоғамының қазақстандық бөлімшесінің желісі бойынша қолдан келетін барлық көмекті көрсетуге әзір. Бұл ұйым сондай-ақ өзге мемлекеттердің гуманитарлық жүктерін жеткізуде бейтарап делдал бола алады. Жалпы алғанда, бүгінде Украинаға гуманитарлық көмек жеткізу ісін жіті халықаралық бақылауды қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан мен қақтығысы отырған тараптарды зардап шеккен адамдарға көмек көрсету кезінде бітім жариялауға шақырамын, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті жанжалды ушықтырмау және дағдарыстан шығудың күш қолдану амалдарынан бас тарту қажеттігін атап өтті.
— Арада бітім кезеңі қажет, бұл әскери-саяси текетірес тұтқынына айналған бейбіт халықтың өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді. Біз зорлық-зомбылықты айыптаймыз. Тараптарды оқ атуды дереу тоқтатуға шақырамыз. Бұл үдеріске халықаралық келісімдердің сақталуының кепілі бола алатын ЕҚЫҰ белсене атсалысуға тиіс, — деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев санкциялық текетіресті доғарудың маңыздылығын айтты.
— Сауда ісіндегі текетірестің қисыны, санкциялар алмасудың қатаюы біздің бәрімізді тығырыққа тіреп отыр, бұл тек құрдымға бастайтын жол. Өзара санкциялардан елдердің экономикалық әлеуеті әлсірейді, қарапайым адамдар зардап шегеді, әлеуметтік ширығу өсе түседі, әлемдік дағдарыстың жаңа толқыны пайда болады. Ең бірінші кезекте біз — Еуропа мен Азия, Еуразия құрлығы зардап шегетін болады. Сондықтан экономикалық прагматизм мен ортақ пайда қағидаттары негізіндегі сындарлы өзара ықпалдастыққа қайта оралуға шақырамыз. Біртіндеп санкцияларды алып тастауға кірісу қажет. Қазақстан Кеден одағы аясындағы өзара тиімді сауда-экономикалық қарым-қатынастарды, сондай-ақ Украина және Еуропалық одақпен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі. Біз көпжақты сауда байланыстарын қалпына келтіру жолдарын талқылауға әзірміз, — деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы барша халықаралық қоғамдастықтың толыққанды көмегі Украинаның тек оңтүстік-шығысына ғана емес, бүкіл Украина экономикасына қажет екенін айтты.
— Бұған Украинаның Батыстағы да, Шығыстағы да көршілері қатысуы тиіс. Ол бұл елдегі әлеуметтік-экономикалық коллапсты еңсеру үшін өте маңызды. Апаттық ахуалды еңсеру үшін арнаулы халықаралық штаб немесе Украина экономикасын қолдау қорын құру мәселесін ойластыруға да болады.
Бірлескен күш-жігер арқылы Украина экономикасын құтқару жөніндегі бірінші кезектегі шаралардың дағдарысқа қарсы жоспарын әзірлеу қажет. Қазақстандағы 2008-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күрес шараларының дұрыс болғаны мойындалды, біз өзіміздің тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Украина мен Ресейдің арасындағы газ жеткізуге байланысты келіссөздердің дұрыс шешілуіне халықаралық қоғамдастық септігін тигізуі тиістігін, бұның қыс маусымы қарсаңында өте маңызды екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы кездесуде Украина мен ЕО арасындағы қауымдастық туралы келісімшартты талқылау ниетін Қазақстанның құптайтынын мәлімдеді.
— Бұл құжат көршілердің, соның ішінде Кеден одағының мүдделерін барынша ескергені маңызды. Осы орайда біз ашық диалогты құптаймыз және пікір алмасуға дайынбыз, — деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев қалыптасқан жағдайда барлық тараптан кезең-кезеңді, жауапты қимыл талап етілетінін айтты.
— Өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау және мәмілеге келу маңызды. Оңай шешім жоқ екені айқын. Біз өзара тиімді шешім әзірлеу үшін жоғары деңгейдегі келіссөздер форматын сақтауды ұсынамыз. Сындарлы келіссөздер үдерісін жалғастыру үшін мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткізу қажет. Осы кездесуді келесі кездесудің уақыты мен орнын белгілеп аяқтасақ, жақсы болар еді. Кейбір қатысушылардың ұсынғанындай, біз келіссөздердің келесі кезеңін Қазақстанда ұйымдастыруға дайынбыз, — деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті бұл кездесу өңірдегі ең ауқымды дағдарысты еңсерудің оңтайлы жолын табу үшін бірегей мүмкіндік екеніне назар аудартты.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев басталған диалог Украина мен жалпы өңірдегі ахуалды тұрақтандыруға қызмет етеді деген үмітін білдірді.
П.Порошенко Украинадағы қантөгісті тоқтатудың жалғыз жолын атады
Украина Президенті Петр Порошенко Украинадағы қантөгісті тоқтатудың жалғыз жолы ретінде Ресей мен Украина араксындағы шекарада бақылауды күшейтуді және жасаққа қару жеткізуді доғаруды атады, деп хабарлады РБК.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, П.Порошенко Минскідегі келіссөздер барысында «әлемнің және еуропаның тағдыры» шешілетіндігін мәлім еткен. Украина Президенті Ресей, Беларусь және Қазақстан көшбасшыларын оның бейбіт жоспарын қабылдауға және кепілдік беруге шақырды. Яғни, бейбіт реттеу барысында Донецк пен Луганск облыстары тұрғындарының мүдделері ескерілуі тиіс.
ИТАР-ТАСС ақпаратына қарағанда , келіссөздер барысында В.Путин де Украинаның оңтүстік шығысындағы дағдарыстан шығу жолдарына қатысты өз ойларымен бөліскен.
Сонымен қатар кейбір ақпараттар бойынша, бүгін Порошенко мен Путин екіжақты кездесу өткізетін болады.
Айта кетерлігі, бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Порошенконың екіжақты кездесуінде жалпыукраиндық дағдарыс, ұрыс барысында зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек көрсету, босқындар мәселесі, сонымен қатар Украина мен ЕО арасындағы қауымдастық туралы келісімге қол қою аясындағы Мәскеу мен Киевтің қарым-қатынасына қатысты мәселелер талқылануы мүмкін екендігін мәлім еткен болатын.
Украина экономикасын құтқару жөніндегі шаралардың дағдарысқа қарсы жоспарын әзірлеу қажет — ҚР Президенті
Елбасы Кеден одағы елдері көшбасшыларының, Украина және Еуропалық Одақ өкілдерінің кездесуіне қатысты.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Украина Президенті Петр Порошенко және Еуропалық Одақ өкілдері — Еуропалық комиссия төрағасының орынбасары Кэтрин Эштон, энергетика мәселелері жөніндегі комиссар — Гюнтер Эттингер және сауда мәселелері жөніндегі комиссар Карел Де Гюхт қатысты.
Кездесуге қатысушылар Украина мен Еуропалық Одақ арасында жасалған Қауымдастық туралы келісімді орындау мәселелерін, сондай-ақ Донбастағы жағдайды тұрақтандыру жолдарын талқылады.
Қазақстан Президенті мұндай кездесу өткізудің маңыздылығы мен қажеттігін айтты.
— Украинадағы ахуал бір елдің аясынан әлдеқашан асып, халықаралық ауқымға шығып, қатерлі шекке жетті. Жағдайдың бұдан әрі ушығуы өңірлік қана емес, жаһандық ауқымдағы болжаусыз салдарларға соқтыруы мүмкін, бұл бүкіл әлемге қауіпті, — деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев алға ілгерілеу үшін шешім қабылдаудағы жауапкершіліктің маңызды екенін айтты.
— Өзара мәміле мен шегініс болмайынша, қандайда бір нәтижеге жету мүмкін емес. Көп нәрсе Украинаның, Ресей мен Еуропалық одақтың сындарлы ұстанымына байланысты. Біз Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен бірге бастамашылық еткен бүгінгі кездесуге зор мән беріп отырмыз. Бәрі бізді оң нәтижеге қол жеткізеді деп үміттенеді. Қазақстан өз тарапынан айтарлықтай күш-жігер жұмсады, ұсыныстарын айтты, — деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы біздің еліміз Украинаның шығысындағы гуманитарлық апатты кідіріссіз шешуге шақыратынын хабарлады.
— Қазір ең алдымен Украинаның зардап шеккен халқына ауқымды гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ету керек. Ресей Федерациясы көмек көрсетуді бастап кетті. Бұл үдеріске Кедендік Одақ, ТМД елдерін қоса алғанда, халықаралық ұйымдар қатысуға тиіс. Біздің еліміз өз тарапынан, соның ішінде Қызыл крест және жарты ай қоғамының қазақстандық бөлімшесінің желісі бойынша қолдан келетін барлық көмекті көрсетуге әзір. Бұл ұйым сондай-ақ өзге мемлекеттердің гуманитарлық жүктерін жеткізуде бейтарап делдал бола алады. Жалпы алғанда, бүгінде Украинаға гуманитарлық көмек жеткізу ісін жіті халықаралық бақылауды қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан мен қақтығысы отырған тараптарды зардап шеккен адамдарға көмек көрсету кезінде бітім жариялауға шақырамын, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті жанжалды ушықтырмау және дағдарыстан шығудың күш қолдану амалдарынан бас тарту қажеттігін атап өтті.
— Арада бітім кезеңі қажет, бұл әскери-саяси текетірес тұтқынына айналған бейбіт халықтың өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді. Біз зорлық-зомбылықты айыптаймыз. Тараптарды оқ атуды дереу тоқтатуға шақырамыз. Бұл үдеріске халықаралық келісімдердің сақталуының кепілі бола алатын ЕҚЫҰ белсене атсалысуға тиіс, — деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев санкциялық текетіресті доғарудың маңыздылығын айтты.
— Сауда ісіндегі текетірестің қисыны, санкциялар алмасудың қатаюы біздің бәрімізді тығырыққа тіреп отыр, бұл тек құрдымға бастайтын жол. Өзара санкциялардан елдердің экономикалық әлеуеті әлсірейді, қарапайым адамдар зардап шегеді, әлеуметтік ширығу өсе түседі, әлемдік дағдарыстың жаңа толқыны пайда болады. Ең бірінші кезекте біз — Еуропа мен Азия, Еуразия құрлығы зардап шегетін болады. Сондықтан экономикалық прагматизм мен ортақ пайда қағидаттары негізіндегі сындарлы өзара ықпалдастыққа қайта оралуға шақырамыз. Біртіндеп санкцияларды алып тастауға кірісу қажет. Қазақстан Кеден одағы аясындағы өзара тиімді сауда-экономикалық қарым-қатынастарды, сондай-ақ Украина және Еуропалық одақпен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі. Біз көпжақты сауда байланыстарын қалпына келтіру жолдарын талқылауға әзірміз, — деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы барша халықаралық қоғамдастықтың толыққанды көмегі Украинаның тек оңтүстік-шығысына ғана емес, бүкіл Украина экономикасына қажет екенін айтты.
— Бұған Украинаның Батыстағы да, Шығыстағы да көршілері қатысуы тиіс. Ол бұл елдегі әлеуметтік-экономикалық коллапсты еңсеру үшін өте маңызды. Апаттық ахуалды еңсеру үшін арнаулы халықаралық штаб немесе Украина экономикасын қолдау қорын құру мәселесін ойластыруға да болады.
Бірлескен күш-жігер арқылы Украина экономикасын құтқару жөніндегі бірінші кезектегі шаралардың дағдарысқа қарсы жоспарын әзірлеу қажет. Қазақстандағы 2008-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күрес шараларының дұрыс болғаны мойындалды, біз өзіміздің тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Украина мен Ресейдің арасындағы газ жеткізуге байланысты келіссөздердің дұрыс шешілуіне халықаралық қоғамдастық септігін тигізуі тиістігін, бұның қыс маусымы қарсаңында өте маңызды екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы кездесуде Украина мен ЕО арасындағы қауымдастық туралы келісімшартты талқылау ниетін Қазақстанның құптайтынын мәлімдеді.
— Бұл құжат көршілердің, соның ішінде Кеден одағының мүдделерін барынша ескергені маңызды. Осы орайда біз ашық диалогты құптаймыз және пікір алмасуға дайынбыз, — деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев қалыптасқан жағдайда барлық тараптан кезең-кезеңді, жауапты қимыл талап етілетінін айтты.
— Өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау және мәмілеге келу маңызды. Оңай шешім жоқ екені айқын. Біз өзара тиімді шешім әзірлеу үшін жоғары деңгейдегі келіссөздер форматын сақтауды ұсынамыз. Сындарлы келіссөздер үдерісін жалғастыру үшін мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткізу қажет. Осы кездесуді келесі кездесудің уақыты мен орнын белгілеп аяқтасақ, жақсы болар еді. Кейбір қатысушылардың ұсынғанындай, біз келіссөздердің келесі кезеңін Қазақстанда ұйымдастыруға дайынбыз, — деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті бұл кездесу өңірдегі ең ауқымды дағдарысты еңсерудің оңтайлы жолын табу үшін бірегей мүмкіндік екеніне назар аудартты.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев басталған диалог Украина мен жалпы өңірдегі ахуалды тұрақтандыруға қызмет етеді деген үмітін білдірді.
Петр Порошенко Украинаны қолдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді
Украина Президенті Петр Порошенко Минскіде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде украиндық-қазақстандық қатынастардың көптеген салада келешегі зор екеніне сенім білдірді.
Бұл туралы Украина Президентінің сайтында хабарланды.
Украина Президенті бүгінгі Донбасстағы бейбітшілікті қалпына келтіруге бағытталған Украина-ЕО-«Еуразиялық үштік» форматында өткен кездесуге үлкен сенім артатынын атап өтті.
Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевқа Украинаны қолдағаны үшін алғыс сезімін білдірді.
«Сіздің нық қағидатты ұстанымыңызды білемін. Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, бейбітшілік орнату мәселесінде шешімді әрекетіңіз бен қолдауыңыз үшін алғысым шексіз», — деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев Донбасстағы жағдайға қатты алаңдайтынын жеткізді. Оның пайымдауынша, бұл мәселені жедел реттеу үшін бар күш-жігерді жұмылдыру қажет. «Ең бастысы, Сізге Путинмен көзбе-көз, тікелей сөйлесу керек деп санаймын», — деді Н. Назарбаев. Ресей үшін де, Украина үшін де, оның пікірінше, бұл сын сағаты, себебі «бұдан әрі қантөгістің жалғасуы мүмкін емес».
Қазақстан Президенті екі жақ мәмілеге келген сәтте ғана жағдай реттелетінін айтты. «Соғысты тоқтату үшін оның қисынды шешімін табу қажет», — деп атап өтті ол.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Украинаға Қызыл Крест аясында гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екендігін айтты.
Қазақстан Президенті оның елі Украинамен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді. Ол бұл мәселеде «Қазақстан үшін Украина мен Еуропалық Одақ арасындағы қауымдастық туралы келісім кедергі бола алмайтынын» атап өтті.
Украина Президентінің пікірінше, Украина мен ЕО бір жақтан, Кеден Одағы елдері екінші жақтан Еркін сауда аймағы үлгісін қалыптастыруда барлық тосқауылдарды алып тастауы тиіс. «Біздің осы бағыттағы ынтымақтастықты айтарлықтай тереңдетуге әлеуетіміз жетерлік»,-деп атап өтті Петр Порошенко.
ҚР Президенті Батыс пен Ресейді санкциялық теке-тіресті тоқтатуға шақырды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Батыс пен Ресейді санкциялық теке-тіресті тоқтатуға шақырды.
«Санкция енгізуді тоқтату аса маңызды. Санкция салдарынан қалыптасып отырған «сауда соғысы» баршамызды тұйыққа тірейді», — деді Минскіде үшжақты кездесу барысында Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы санкция қолдану елдердің экономикалық әлеуеті әлсірейтініні, одан қарапайым халық зардап шегетінін айтты. Әлеуметтік қысым арту үстінде, бұл әлемдік дағдарыстың жаңа толқынына әкеледі.
«Бірінші кезекте, біз, Еуропа мен Азия зардап шегеміз. Сондықтан біз экономикалық прагматизм қағидаттарында сындарлы өзара тиімді әрекетке көшуге, біртіндеп санкцияны алып тастауды бастауға шақырамыз», — деді Н. Назарбаев.
ҚР Президенті сондай-ақ Қазақстан Кеден одағы аясында да, Украина және Еуропалық Одақпен де өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты жалғастыруға және нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.
«Сондықтан да біз көпжақты сауда-саттық байланыстарын қалыпқа келтіру жолдарын іздеуге, талқылауға әзірміз», — деп сөзін түйіндеді Н. Назарбаев.
Қазақстан Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келесі кездесуді өткізуге әзір — ҚР Президенті
ҚР Президенті Украинадағы жағдайды реттеу үшін үшжақты кездесуді тұрақты түрде өткізіп тұруды ұсынды.
«Біз бүгін басталған өзара тиімді шешімдер шығаратын жоғары деңгейдегі келіссөздер форматын сақтауды ұсынамыз», — деді Н. Назарбаев Минскіде Кеден одағы мемлекеттерінің басшылары, Украина президенті мен ЕО өкілдері қатысқан кездесу барысында.
Елбасының айтуынша, сындарлы келіссөз үдерісін жалғастыру үшін мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткізу қажет.
«Бүгінгі кездесуді келесі кездесудің күні мен орнын белгілеп, аяқтасақ жақсы болар еді. Егер кейбір қатысушылар ұсынғандай, кездесуді Қазақстанда ұйымдастыру қажет болса, біз оған дайынбыз», — деді Н. Назарбаев.






