Аи-92 бензин бағасы объективті себептерге орай қымбаттады –энергетика министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аи-92 бензин бағасы объективті себептерге орай қымбаттады –энергетика министрлігі

Аи-92 бензин бағасы объективті себептерге орай қымбаттады –энергетика министрлігі

Мемлекеттік органдардың Аи 92/93 маркілі бензиннің шектеулі бағасын қымбаттату туралы қабылдаған шешімінің объективті себептері бар,

  • 27 Тамыз 2014
  • 889
Фото - Caravan.kz

деп санайды энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.

"Биыл екінші тоқсан бойы, тамыз айына дейін Ресейде жанар-жағар майдың бағасы үздіксіз өсіп отырды, Аи-92 бензин бағасы наурыздағы 149 теңгеден шілденің соңында 165 теңгеге жетті. Осы уақыт бойы қазақстандық баға тұрақты 115 теңге деңгейінде болды", деді ол сәрсенбіде Астанада жанар-жағар майдың бөлшек сауда рыногындағы ағымдағы жағдайына байланысты өткен баспасөз мәслихатында.

"Дефицит эскалациясына жол бермес үшін үкімет Аи-92 бензин литрінің бағасын 128 теңге деп белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл рынокты отынның керекті мөлшерімен толтыруға ықпал етуге тиіс", деді ол.