Петр Порошенко Анкарада Қазақстан президентімен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петр Порошенко Анкарада Қазақстан президентімен кездеседі

Петр Порошенко Анкарада Қазақстан президентімен кездеседі

Украина президенті Петр Порошенко 28-тамыз күні Түркия басшысы

  • 28 Тамыз 2014
  • 614
Фото - Caravan.kz

   Реджеп Тайып Ердуанды ұлықтау рәсіміне қатысады. Украина басшысы сол жерде бірқатар екі жақты кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бас қоспақ, деп Украина президенті әкімшілігі бастығының орынбасары Валерий Чалый мәлім етті.

«26-тамыз күні Минскіде Н.Назарбаевпен екі жақты кездесу өтті. Келесі кездесу бейсенбі күні Анкарада өтеді деп жоспарланған», — деді ол сәрсенбі күні «Интерфакс-Украина» агенттігіне.

В.Чалыйдың айтуынша, кездесуде «көптеген мәселелер, соның ішінде, энергетика мәселесі сөз болуы» мүмкін.

30-тамызда П.Порошенко Брюссельде Еуроодақ басшыларымен жүздеседі.