Жаңа бағдарламада алғашқы шығарылымында Қазақстандағы ең биік телемұнара туралы айтылады. Ұшар басында түрлі антенналар орнатылған Алматының ең танымал нысаны осы кезге дейін бізден нені жасырып келді? Бірнеше мәрте өртене жаздап, әрең дегенде аман қалған мұнараның жертөлесінде кімдердің елесі бар? Сондай-ақ, өздерінің туған балаларын пышақтап, өлі денелерін үй ішінде тығып келген қандықол әке-шеше тілшілерімізге сұхбат береді. «Главная редакция» КТК-да 1 қыркүйектен бастап дүйсенбі сайын шығады. Эфирдегі уақыты – 21:30.



