Ақтөбеде сотталғандар шетелде қыдырып жүрген - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде сотталғандар шетелде қыдырып жүрген

Ақтөбеде сотталғандар шетелде қыдырып жүрген

Ақтөбеде сотталғандар жазасын өтеудің орнына шетелде қыдырып жүрген.  Бұған оларды күнделікті бақылап отыруы тиіс тәртіп сақшыларының өзі жол беріпті.

  • 28 Тамыз 2014
  • 352
Фото - Caravan.kz

Шетелге саяхаттап келген 10 ақтөбелік түрлі қылмыс бойынша еркіндігі шектеліп, шартты түрде жазаға кесілгендер екен. Сот үкімі бойынша кешкі сағат оннан соң олардың қаладан тыс шықпақ түгілі, қоғамдық орындарға баруға хақысы жоқ. Тіпті өзі тіркеуде тұрған мекемеге күнде есеп беріп отыруы тиіс. Бірақ олар емін-еркін шекарадан асып жүре берген. Прокурорлар қыдыруды ұнататын қылмыскерлерге әзірге ескерту ғана жасапты. Ал қылмыстық атқару жүйесі департаментінің алты лауазымды қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.