Әсіресе тапшылық еліміздің шекаралас аймақтарында қатты сезіліп жатыр. Себебі, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан қатынайтын жүк көліктері арлы-берлі өткен сайын біздің арзан бензинді тонналап алып кетеді екен. Сөйтіп өзімізге түк қалмауда. Оның үстіне Ресейдегі мұнай өңдейтін зауытта апат болғаны және Павлодардағы зауыттың жөндеуге байланысты тоқтап тұрғаны бар. Сондықтан вице-министр «мына күні молшылық болады» деп уәде бере алмайтынын айтты. Қарабалиннің бензин бағасына алдын-ала болжам жасаудан жүрегі шайлығып қалыпты. Өйткені, ол Мұнай және газ министрі болып тұрғанда «Қазақстанда жанармай құны күзге дейін қымбаттамайды» деп жүргізушілерді сендірген болатын. Бірақ жуырда жұрт жиі тұтынатын АИ-92 маркалы бензин бірден 128 теңге боп көтерілді. Бүгін вице-министр «сол кезде қателесіппін» деп кәдімгідей қынжылды. Бірақ өзінің бензин тапшылығын түк сезінбегенін, жеке және қызметтік көліктеріне, өзі айтпақшы, «әлеуметтік» АИ-93 маркалы бензин құятынын айтып, ағынан жарылды.
Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары:


