Қазақ өнерінің саңлақтары: Мақпал Жүнісова - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ өнерінің саңлақтары: Мақпал Жүнісова

Қазақ өнерінің саңлақтары: Мақпал Жүнісова

Жүнісова Мақпал - әнші (драмалық сопрано). Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

  • 28 Тамыз 2014
  • 859
Фото - Caravan.kz


1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Теректі ауылында туған.

А. Жұбанов атындағы қазақ музыкалық мектеп-интернатын және әль-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірген.

Шығармашылық қызметін "Гүлдер" ансамблінің құрамында халық әндерін орындаушы болып бастаған, мұнан соң "Қазақконцерт" бірлестігі жанынан "Назерке" ансамблін ұйымдастырады. Оның репертуарында қазақтың халық әндері, қазіргі замандық қазақ композиторлары Ш. Қалдаяқовтың, Ә. Бейсеуовтің, Б. Тәжібаевтың, Е. Белғозияевтің шығармалары бар. Мақпал Жүнісованың орындауындағы "Ғашық жүрек", "Қыз ғұмыр", "Фариза қыз", "Қоштасу" әндері халықтың сүйікті әндеріне айналды.