Қазақстанда травматикалық қаруды азаматтық айналымнан алу жұмыстары 2015 жылдың қаңтарынан басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда травматикалық қаруды азаматтық айналымнан алу жұмыстары 2015 жылдың қаңтарынан басталады

Қазақстанда травматикалық қаруды азаматтық айналымнан алу жұмыстары 2015 жылдың қаңтарынан басталады

Қазақстандық полицейлер 2015 жылдың қаңтарынан бастап халықтың қолындағы травматикалық қару-жарақты сатып алуға кіріседі.

  • 28 Тамыз 2014
  • 423
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

«Травматикалық қаруды тапсыру тәртібі үкімет қаулысында көрсетілген. Ол бойынша қару 2015 жылдың 1-қаңтары мен 31-желтоқсаны аралығында қабылдануы тиіс», — деді ол бейсенбі күні «Заң бұзушылыққа төзбеу қағидасын қамтамасыз ету» тақырыбында өткен интернет-конференцияда.

Азаматтардың травматикалық қару пайдалануына тыйым салатын заң 2014 жылдың сәуірінде қабылданған болатын. Құжат бойынша азаматтық айналымдағы травматикалық қарулар тәркіленіп, қызметтік разрядқа көшірілуі тиіс. Содан кейін мұндай қаруды пайдаланғандар қылмыстық жауапқа тартылады.