Қарағандыда бизнесменнің қалтасына есірткі салып жіберген үш полицей мен адвокат сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда бизнесменнің қалтасына есірткі салып жіберген үш полицей мен адвокат сотталды

Қарағандыда бизнесменнің қалтасына есірткі салып жіберген үш полицей мен адвокат сотталды

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөнінде маманданған аудан аралық соты есірткі бизнесіне қарсы күрес басқарманың үш қызметкері мен адвокатты алаяқтық жасады деп таныды.

  • 29 Тамыз 2014
  • 487
Фото - Caravan.kz

  Бұл туралы бейсенбі күні сот кеңсесінен хабарлады.

Сәрсенбідегі отырыста сот адвокатты алаяқтық жасағаны үшін 7 жылға соттап, мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды. Полицейлердің әр қайсысына 4 жылдан жаза кесіліп, олардың да мүлкі тәркіленетін болды.

Іс материалдарына сүйенсек, адвокат азаматтық істер бойынша соттарда мүддесін қорғап жүрген кәсіпкерге өзін ЖШС құрылтайшыларының қатарына енгізуді сұраған. Содан соң ұсынысты қабыл алмаған клиентінен өш алуды ойластыра бастайды. Таныс полицейлерге бизнесменнің қалтасына есірткі салып жіберуді ұсынған. Олар қылмыстық жауапкершіліктен құтқару үшін адвокаттан 100 мың доллар талап етпек болыпты.

Кейін белгілі болғандай, полицейлер бизнесменді Қарағандыдан шыға берісте тоқтатқан. Тінту барысында оның күртесінің қалтасынан ақ ұнтақ тауып алады. Кейін істі тіркемеу үшін алдымен 10 мың доллар, кейін адвокат арқылы тағы 90 мың доллар сұратып алған.


Кәсіпкер көп ұзамай ІІМ-нің ішкі қауіпсіздік департаментіне шағымданған.